Парламент

Қ.Тоқаев: 2017 жыл мемлекет дамуының жаңа кезеңге шығуымен ерекшеленді

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы палатаның жұмысын қорытындылады. Жалпы, сенат 90 заң қабылдады.
Астана қаласы28 Желтоксан , 12:48

Сенат төрағасының айтуынша, Елбасының берген тапсырмалары аясында бірқатар заңдар мұқият қаралған.

«Сенаторлар Үкіметпен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, еліміз үшін өте маңызды болып саналатын 90-нан астам заң жобаларын мұқият қабылдады. Қабылданған заңдар негізінен президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды», - деді ол.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың заң саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

 «Салық, жер қойнауын пайдалану, кедендік реттеу туралы кодекстер жаңа редакцияда қабылданды. Сонымен қатар еліміздің құқық қоғау қызметін жаңғыртуға, ақпарат және коммуникациялар саласы мәселелерін жетілдіруге арналған заңдар уақыт талабына сай пысықталды. Заң жобаларын Сенатта талқылау барысындағы қызу пікірталастардың нәтижесінде заң жобаларын біршама жақсартатын салмақты түзетулер енгізілгенін атап өту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда ол елімізде жүргізілген конституциялық реформа аясында Сенатта өзекті тақырыптарда парламенттік тыңдаулар өткізілгенін жеткізді.

«Сонымен қатар, ол биыл еліміздің абыройын асқақтатқан «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өткізілді, Қазақстан президентінің жаһандық саясаттағы рөлі мен халықаралық беделін айшықтай түскен ШЫҰ саммиті ұйымдастырылды, әрі елордада Сирия дағдарысын реттеуге арналған Астана процесі басталды», - деді ол.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сенаттың құрамы білікті мамандармен толыққанын, әрі жоғары палата осы жылы өз міндетін ойдағыдай атқарғанын атап өтті.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика