Евразиялық одақ

ШҚО ЕАЭО-ға 192,5 млн доллардың өнімін экспорттады

2017 жылғы қаңтар-қазанда Шығыс Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 980,0 млн. долларды, соның ішінде экспорт 192,5 млн. АҚШ долларын (Ресей Федерациясымен – 167,5, Беларусь Республикасымен – 0,7, Қырғыстан Республикасымен – 24,3 млн. АҚШ доллары), импорт 787,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Шығыс Қазақстан29 Желтоксан , 08:43

2017 жылғы қазандағы статистикалық есеп деректеріне сәйкес Ресей Федерациясына 22,9 млн. АҚШ доллары сомасына экспортталды, 93,6 млн. АҚШ долларына импортталды. Экспорттың негізгі үлесі тауарлардың мынадай түрлеріне келеді: қымбат бағалы емес металдар мен одан бұйымдар – 56,9%, өсімдік тектес өнімдер – 18,7%, минералды өнімдер – 12,1%. 

«Облысқа Ресей Федерациясынан келетін импорттың негізгі үлесі мынадай тауар топтарынан құралған: минералды өнімдер – 45,6%; машиналар, жабдықтар және механизмдер; электротехникалық жабдық; оның бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратура, телевизиялық кескін мен дыбыс жазуға және шығаруға арналған аппаратура, оның бөліктері мен керек-жарақтары – 9,9%; пластмасса және одан бұйымдар – 8,3%; бағалы емес металдар және одан бұйымдар – 9,6%, тастан жасалған бұйымдар – 5,3%», - деп хабарлады статистика департаменті.

2017 жылғы қазанда Беларусь Республикасымен арадағы өзара сауда көлемі біршама төмен - Беларусь Республикасына ағымдағы жылғы қазанда экспорттық операциялар 0,2 мың АҚШ долларын, импорт бойынша тасымал 2,1 млн. АҚШ долларын құрады. Шығыс Қазақстаннан машиналар, жабдықтар, механизмдер мен оның бөліктері экспортталды. Облысқа импорт бойынша түсімдердің негізгі үлесі мынадай тауар атауларынан қалыптасты: пластмасса және одан бұйымдар – 63,4%, машиналар мен жабдықтар – 10,7%.

Ағымдағы жылғы қазанда ШҚО-ның Қырғыстан Республикасымен өзара сауда көлемін құрады – 3,4 млн. АҚШ доллар сомасындағы экспорттық операциялар, импорт – 9,6 млн. АҚШ долларды құрады. Соның ішінде өсімдік тектес өнімдер – 53,1%, минералдық өнімдер – 29,5%, ағаш және одан өнімдер – 9,7%-ды құрады. Импорттың негізгі бөлігін минералдық өнімдер - 99,0%-ды құрады.




Яндекс.Метрика