Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Оралда 2018 жылы 2542 бейнебақылау камерасы орнатылды

Орал қаласының əкімдігі жəне «Қазақтелеком» АҚ «Бұлтты бейнебақылау» жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 28 Желтоксан, 13:32

Жоба 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша, Орал қаласының көп пәтерлі тұрғын үйлерінің 10 подъездінде 20 бейнебақылау камерасы орнатылды. Екінші кезең бойынша,1266 бейнебақылау камерасын 633 көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістеріне орнату жоспарлануда.

Қазіргі таңда аталған 633 үйге 300  камераны орнату бойынша жұмыстар аяқталып, іске қосу шаралары күтілуде. Бүгінгі таңда 6 мекен жайда жалпы саны 12 камера іске қосылып, тесттік режимде жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ үшінші кезең бойынша, 2018 жылы 2542 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.

Бұл бастама қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жəне «Смарт сити - ақылды қала» бағдарламасы аясында жасалып отыр. Аталған қызмет үшін 350 теңге абоненттік төлем қарастырылған.

 





Яндекс.Метрика