Рухани жаңғыру

Жамбыл облысында жаңа спорттық алаң пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында жаңа спорттық алаң пайдалануға беріледі.Мұндай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Найманова Үміткен Қапанқызы бөлісті.
Жамбыл 28 Желтоксан, 10:13

Үміткен Қапанқызының айтуынша,  «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша барлығы 9 жоба ұсынылды. 9 жобаның 6 жобасы іске асырылды.

2017-2022 жылдар аралығында жүзеге асырылатын «Кітапханаға кітап сыйла!» жобасы аясында азаматтырды өз еркімен кітапхана қорына кітап табыстауға үндеу, оқырмандарға түрлі кітаптардың қолжетімділігін арттыру мақсатында 2017-2022 жылдар аралығында акция түрінде өткізілетін болады.

Осы жоба аясында 1 қараша күні аудан көлемінде акция ұйымдастырылып, зейнеткер тарихшы Алтынхан Сапарбеков жеке кітап қорынан 200 кітапты аудандық кітапханаға табыс етті.

Жамбыл ауылдық округі, Шайқорық ауылдық округінде сыйымдылығы 150 адамға, жобалық құны 7 млн.теңгені құрайтын спорттық алаңның салынуы. Бұл жоба меценат «Арайстроймаркет» ЖШН-басшысы А.Еділбаевтың қолдауымен жүзеге асырылып 2018 жылдың күз айында пайдалануға берілетін болады.

Қаратөбе ауылдық округі, Бектөбе ауылында меценат «Газқұбырлары» ЖШС-нің директорының бірінші орынбасары Ғ.Сағынтаевтың қолдауымен жүзега асырылады. Жобалық құны 7,5 млн теңгені құрайды.

«Жылы жүрек – жомарт қол!» атты жоба. Бұл жоба аясында меценат, «АзиялықГазқұбыры» ЖШС-ның бастығы Ғ.Сағынтаев 1500 000 теңге көлемінде қаржы берді. Жобаның іске асырылу барысында ауданның 36 тыл еңбеккерлеріне Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017:халықаралық көрмесіне» тегін жолдама берілді.

 «Қайырымдылық пен жақсылық!» жобасы. Бұр жобаның жүзеге асуына «АқжолАгроБизнес» ЖШС-нің директоры, меценат Е.Утепбергенов 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек білдірді.

« «Бахытжан Ташметұлы атындағы спорткешенінің соғылуы» жобасы. Жоба меценат, Шайқорық ауылының тұрғыны М.Отыншиевтың қолдауымен жүзеге асты. Нәтижесінде жобалық құны 19 млн.теңгеге, сыйымдылығы 100 адамды құрайтын күрес, дзю до спорт түрлерінен үйірме жүргізілетін спорттық кешені ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді,- деп айтты спикер.





Яндекс.Метрика