АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Қытай және Парсы шығанағындағы елдерге астық экспортын арттыру көзделуде

Биылғы астық бағасының төмендеуі Ресей тарапының рекордтық астық өндірісінің себебінен болған. Осыған байланысты фермерлерден артық астықтың 20-30 % -ын сатып алу және экспортта жаңа бағыттар көздеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында РҚБ «Қазақстан фермерлер одағының» президенті Әуезхан Дарынов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 18:59

Биылғы астық өндірісінің аз болуы, экспорттың төмендемеуіне қарамастан, қыркүйек айынан бастап астықтың ішкі нарығында әлемдік және ішкі бағаның тепе-теңсіздігі байқалған. Яғни ішкі нарықтағы бағаның төмендеуі және сұраныстың азаюы орын алған.

«Осыған байланысты фермерлер шығындары өтей алмай, жұмысшылардың жалақыларын бере алмай отыр. Бұл Ресейдегі астық өндірісінің рекордтық деңгейге жетуі, ішкі нарығын қамтамасыз етумен қатар еліміздің де кейбір өңірлеріне арзан астық кіргізуімен байланысты болып отыр. Осы мәселені шешу үшін үкімет жағынан фермерлер астығының 20-30 %-ын сатып алу көзделіп отыр»,-деді РҚБ «Қазақстан фермерлер одағының» президенті Әуезхан Дарынов.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ экспорттық келісімшарт бөлімінің директоры Нұржан Мұхамеджановтың айтуынша, осыған дейінгі экспорт жолы көбінде Қаратеңіз арқылы жүріп отырған. Ал биылғы жылы Ресей тарапынан экспортты толық қамтамасыз ететін астық қоры пайда болған соң Қаратеңіз жолы жабылып отыр. «Келесіде Қытай және Иран мемлекеттерімен үкіметтің қатысуымен келіссөздер жүріп жатыр. Біз Парсы шығанағындағы елдер арқылы үлкен астық нарығына қол жеткізе аламыз»,-деді Нұржан Мұхамеджанов.

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика