Үкімет

Б. Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 17:06

Отырыс барысында Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017 жылға арналған Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық индексіндегі көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар жоспарын іске асыру қорытындысы, 2018–2019 жылдарға арналған Жоспарды өзекті ету, сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттілігіне кешенді мониторинг пен талдау жүргізу әдістемесіне қатысты мәселелер талқыланды. 

 





Яндекс.Метрика