Цифрлы Қазақстан 2022

Шетелдегі қазақстандық азаматтарға арналған SmartTravelKZ мобильдік қосымшасы іске қосылды

СІМ жасап шығарған "SmartTravelKZ" тегін мобильдік қосымшаның басты мақсаты шетелдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, сондай-ақ жедел түрде қолғабыс беріп, жәрдемдесуді көздейді, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 19:11

Мобильдік қосымша аймақтық ерекшеліктеріне қарай, елдер туралы тиімді ақпаратпен, болу елдеріндегі өзін ұстау нормалары, қауіпті жағдай болған кезде асырылатын іс-шаралар, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқа да маңызды мәліметтерді қамтиды. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар болу елінде санитарлық-эпидемологиялық және қылмыстық жағдай туралы деректерді таба алады.

Қосымшаның көмегімен пайдаланушылардың ҚР консулымен бірнеше жолдармен байланысу мүмкіндіктері бар: дауыстық хабарлама қалдыру, кері қоңырау жіберу, электрондық поштаға хат жолдау немесе қоңырау шалу.

Android және iOS платформаларынан тегін мобильдік қосымшасын жүктеу алуға болады.

 





Яндекс.Метрика