Евразиялық одақ

Сербия кәсіпкерлер үшін Блеградта ЕАЭО-ның таныстырылымын өткізуді ұсынды

Сербия бизнес өкілдері үшін Блеградта ЕАЭО-ның таныстырылымын өткізуді ұсынды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Әлемде 27 Желтоксан, 18:51

Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика бойынша Коллегия мүшесі (министр) Татьяна Валовая мен Сербия Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі  Славенко Терзич  ЕЭК -тың штаб-пәтеріндегі жұмыс кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақтың іскерлік байланыстары мен әлеуетін арттыру жолдарын талқылады.

Татьяна Валовая Одақтың дамып жатқан халықаралық байланыстары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Дәлірек айтсақ, ЕАЭО-ның сауда келісімдері форматы мен ынтымақтастық туралы меморандумдары аясында ашылатын мүмкіндіктері туралы кеңінен хабарлады.

«ЕЭК ынтымақтастық туралы бізге көптеп түсіп жатқан ұсыныстарға барынша жедел және бірден жауап беруге тырысады. Комиссия еркін сауда аймағын құру туралы келісімдерді жүргізуде, оның ішінде Сербияда бар. Бізді бірлескен жұмыс тобының арқасында үлкен құжатнама жасақталды», - деді ол. 





Яндекс.Метрика