Халықаралық интеграция

СІМ басшысы Ұлыбритания Елшісін мемлекеттік наградамен марапаттады

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Кэролин Браунға Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын табыс етті.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 19:46

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің  баспасөз қызметі  хабарлағандай,   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың К. Браунды марапаттау туралы Жарлығына сәйкес, Елші Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы жемісті ынтымақтасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасына ие болды.

Қ. Әбдірахманов тиімді әрекеттестік пен саяси диалогтың дамуына, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын тамамдап жатқан К.Браунға алғысын білдірді. Еліміздің Лондондағы Елшілігімен тығыз ықпалдастықтың нәтижесінде британдық дипмиссияның басшысы Қазақстанды Ұлыбританияның Орталық Азия елдерінің ішіндегі стратегиялық әріптес ретіндегі мәртебесін бекітуге жәрдемдесті.

К. Браунның 5 жылға жуықтаған қызметі барысында (2013 ж. бастап) Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге көтерілді, жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастырылды. Белсенді саяси диалог пен іскерлік топтардың байланыстары бұның айғағы болып табылады.

Екіжақты байланыстарды күшейтуге бағытталған үлесін жоғары бағалағаны үшін К. Браун Қазақстан басшылығына шынайы алғысын білдірді. Ол бірқатар бірлескен іс-шараларды сәтті жүзеге асыруына жол ашқан қазақстандық дипломаттарға британдық елшілігімен жемісті әрекеттескені үшін ризашылығын айтты.

 





Яндекс.Метрика