Парламент

Жас ерекшелігі бойынша санатқа бөлу балаларға арналған бағдарламаларға өз көрермендерін табуға көмектеседі - депутат

Балаларды ақпараттық қорғау заңжобасы бойынша жас санаттары орнатылып, сараланады. Осылай бөлу балалар мен ата – аналар үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар, балалар бағдарламасын өндірушілер үшін де өте маңызды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов Мәжілістің пленарлы отырысында.
Астана қаласы27 Желтоксан , 14:26

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР заңының жобасында 6 жас санатын енгізу ұсынылуда. Олар балалардың писхожастық даму ерекшелігіне сәйкес: 6 жасқа дейін, 6 жастан, 12, 14, 16 жасқа дейін.

Депутаттың айтуынша, осылайша бөлу ата – аналар үшін қажет және олар балаларының не көріп жатқанын қадағылауға міндетті.

«Мысалы, 12 жастағы балаға арналған бағдарлама үш жастағы бүлдіршін үшін түсініксіз болады. Оның үстіне жас санаты бойынша бөлу балалар бағдарламасын өндірушілер үшін өзінің мақсатты көрерменің табуға мүмкіндік береді. Балаларға арналған бағдарламалар мен көркем фильмдер нақты жас тобына бейімделуі керек. Сонымен қатар, олардың көрсетілу уақыты жасақталу барысында да жас ерекшеліктері ескерілуі шарт», - деді Артур Платонов.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика