Адами капитал

2017 жылы сапаға сәйкес келмейтін өнімнің мөлшері жалпы есептен 10,2%-ға дейін төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген жұмыстардың нәтижесінде сәйкес келмейтін өнімнің мөлшері қарқынды төмендеген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Астана қаласы27 Желтоксан , 15:03

Жандарбек Бекшин биылғы жылы жүргізілген жұмыстың қорытындысына тоқталып, өнім қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде мәлімет берді.2015 жылы төмендеу пайызы 30,1% болса, биылғы жылы 10,2%-ға дейін түскен.

«Жалпы санынан Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеу 10,2 % пайызы құрады. Сәйкес келмейтін тамақ өнімдері – 8,1 % пайызды құрады. Нарыққа мониторинг жүргізу сатысында 14%-дан астам жалған тамақ өнімдері анықталды»,-деді комитет төрағасы

Оның айтуынша, жалған тамақ өнімдерінің басым бөлігі  сүт және май өнімдеріне тиесілі болған. Нағыз таза табиғи өнімдер деп көрсетілген өнімдердің құрамынан таңбалауында көрсетілмеген компоненттер анықталған. Мысалы,  сүттен алынбаған май, пальма майы бар өнімдер табиғи деп өткізілуде.

«Осылайша, өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында 493 сынама немесе 29% жалған сүт өнімдері анықталды, жосықсыз өндірушілер: Ресей Федерациясы - 61%, Беларус Республикасы,Украина, Франция және Қырғыз Республикасы өндірушілері -15% -ды құрады»,-деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарды жою үшін 1300-ден астам өтінім берілген. Оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1024 іс қозғалып, 304 сот шешімі қабылданған. Сауда кәсіпорындарында 20,5 тоннадан астам тауар сатылып, жалпы сомасы 24,6 млн. теңгеге айыппұл салынған.


 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика