ҚР ИИДМБ

Алматыда қағаз қаптарының өндірісі бойынша зауыт іске қосылды

Алматы Индустриалды аймағында «Almapack Co LTD» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын бумалауға арналған қағаз қаптарының өндірісі бойынша зауыты іске қосылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 27 Желтоксан, 16:13

Бұл, есеп бойынша Алматы Индустриалды аймағының аумағында картридждер мен күн батареяларын шығаратын  BRB APK жылыжай кешені мен DOC Co.LTD кәсіпорнынан кейінгі іске қосылған үшінші нысан.Құны 400 млн.-нан астам тұратын зауыт жылына шамамен 6 млн. қағаз қаптарын шығаратын болады.

Бумаға құрылыс қоспалары мен ұлпалар дайындайтын Қазақстанның ірі компанияларының өнімдері салынып буылады. Almapack өнімнің мөлшері мен түрлері бойынша барлығы 300 түрін шығарып отыр. Кәсіпорын өнімді Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарына экспорттауды көздеп отыр.

Компания директоры Ораш Сартаеваның айтуынша, зауыт бұрын қалада орналасқан, сонан соң кәсіпорынды Индустриалды аймақ аумағына көшіру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, Almapack өзінің өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік алды.

Бұдан басқа, өнеркәсіп нысандарын көшіру қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға, көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді, сондай-ақ кәсіпорынның өзінің шығындарын инфрақұрылымдық ресурстарды жүргізуге, коммуналдық қызметтерге және электр энергиясына шығатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндігі пайда болады. Сонымен бірге, оның жанында магистралды   көлік желілері және ұқсас кластерлік сектордағы басқа да түрлі пішімді кәсіпорындар орналасқан.

Бүгінгі күні, 40 компания Индустриалды аймақтың қатысушылары  болып табылатынын атап өтеміз, жоспарланған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 191,3 млрд. теңгені құрайды, шамамен 5 мың тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Өнім – балмұздақтан бастап, мұнай-газ өнеркәсібі үшін шығарылатын болат құбырларына дейін шығаруға жоспарланған спектр өте кең.

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика