Парламент

Н.Нығматулин: 2017 жыл – Нұрсұлтан Назарбаевтың заманалық жеңістерінің жылы

Мәжілістің жалпы отырысында Палата төрағасы Нұрлан нығматулин 2017 жылғы маңызды оқиғаларды айтты.
Астана қаласы27 Желтоксан , 12:41

«Өткелі жатқан 2017 жылды қорытындыласақ, қазақстандықтардың жадында Нұрсұлтан Назарбаевтың заманалық жетістіктерінің жылы ретінде сақталады. Биыл Елбасы конституциялық реформаны алға тартып, билік саласын жаңғыртты. Бұл реформаны жүзеге асыру үшін бірқатар заң жобалары қабылданды», - деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс спикері айтқандай,  Елбасының беделі нәтижесінде Қазқастан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне қабылданды.  Астанада Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесі, ШЫҰ, ИЫҰ, Астана процессі  өтті.

Н.Нығматулин 2018 жылы Мәжіліс депутаттарының ұйымдасқан жұмысы  Елбасының стратегиялық бағытын    заңнамалық қамтамасыз етуге атсалысатынына сенім білдірді.




Яндекс.Метрика