Парламент

Отбасылық сарапшылар балалардың ақпараттық өнімдерін тексеретін болады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР заңының жобасы таныстырылды.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 12:34

Заңжобасына сәйкес ақпараттық өнімдер сараптама жүргізіледі және сарапшылар мен сарапшылар ұйымын «тіркеу» институты енгізіледі.

Осы ретте, Праламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман сарапшылар мен сарапшылар ұйымын тіркеу жария түрде жүзеге асырылады. Аталмыш сұраққа ҚР ақпараттық және коммуникация вице-министрі  Алан Әжібаев жауап берді. 

«Сарапшылар тізімінің ашықтығы туралы бұл мүмкін шығар деп ойлаймын. Өкілетті орган кеңесінде бұл туралы ақпарат беруге дайынбыз. Оның үстіне тәжірибе бар.Сарапшылар, дәлірек айтсақ сот сарапшылары осы бағытта жұмыс сітеуде, еліміз бойынша 600 жуық адам. Біз барлығы ашық және жария түрде болуын қамтамасыз етуге тырысамыз», - деді ҚРАКМ вице-министрі.  

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан сарапшыларды іріктеуде олардың отбасылық жағдайы ескерілетін болады.

«Біріншіден, балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Екіншіден, зиянды ақпараттық өнімдердің айналымын тоқтатудың құқықтық жолдары көрсетіліп отыр. Үшіншіден, телерадио және кино өнімдерін эфирде таратудың балаларға қолайлы уақыты белгіленеді. Төртіншіден, компьютерлік электрондық ойындардан балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мақсатымен сараптама жасаудың құқықтық мүмкіндігі молынан туғызылды», - деді Бекболат Тілеухан.

Оның айтуынша, мемлекеттік атқару органдарының балаларды зардапты ақпараттық өнімдерден қорғаудағы өкілеттіктер бірнеше рет сараланып отыр.

«Жобаның тағы бір ерекшелігі ретінде айтар болсам, балаларға арналған ақпараттың жекелеген түрлерін таратуға қойылатын қосымша талаптар деген жеке баптың енгізіледі. Осы бапқа сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін пайдаланылатын ақпараттық өнімнің мазмұны мен безендірілуі қадағаланбақ. Дәл осындай бақылау білім жүйесінде де жүзеге асырылады», - деді Мәжіліс депутаты.

Талқылау барысында «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика