Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жаңа жылдан бастап астаналықтар аялдамалар жөніндегі ақпаратты жедел түрде ала алады

Астанада 2018 жылдың қаңтарында QR кодтар арқылы ақпаратты сканерлеп, аялдамалар туралы ақпаратты жедел түрде алуға мүмкіндік беретін қанатқақты жоба іске асырыла бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 16:42

Елорданың тұрақты дамуы орталығының өкілі Виталий Пустовойтенконың берген мәліметтеріне қарағанда аталмыш жобаның аясында тұрғындар қаладағы аялдамаларда орнатылған барлық электронды таблодағы ақпаратты өз телефондарынан көре алады.

«Қанатқақты жобаны біз қаңтар айында бірнеше аялдамада іске асырмақпыз. Телефонның көмегімен тұрғындар кодты сканерлеп, дәл сол мезетте қаладағы барлық электронды таблода көрсетілген ақпаратты біле алады. Нақтырақ айтқанда, QR код қалада орнатылған барлық электронды таблодағы ақпаратты көшіреді. Бұл электронды табло орнатылмаған аялдамаларда қоғамдық көлікті күтушілер үшін өте ыңғайлы құрал болмақ. Тиісінше, адамдар алдамаға жетпей-ақ, ақпаратты бақылай алады», - деді Виталий Пустовойтенко Астана қаласының ахуал орталығында өткен баспасөз туры барысында.

Тұрғындар тарапынан аталмыш жоба қолдауын тауып, сұранысқа ие болып жатса, қажетті орындардағы барлық аялдамаларға QR-кодтар орнатылады.

 

 





Яндекс.Метрика