ҚР ИИДМБ

Көкшетауда қарапайым кірпіш шығаратын зауыт салынады

«ENKI» компаниясы Көкшетауда кірпіш шығаратын жаңа зауыттың құрылысын жоспарлауда. Бұл туралы Ақмола облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте компания жетекшісі Мырзабай Әбдіхалықов хабарлады.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 15:24

Спикер хабарлағандай, бүгінде Көкшетау қаласында құрылыс қарқынды жүргізілуде және олардың 99%-да «ENKI» компаниясының керемика кірпіші қолданылады.

«Жыл соңына қарай тапсырыс берушілер саны азаймай отыр. Зауыт қуаттылығы жылына 60 млн дана кірпіш өндіруге жетеді. Алайда біз осы күнге дейін 61 млн дана кірпіш өндірдік. Бұл зауыт жұмыс істегелі алғаш болып отыр. Бүгінде өндіріс 55 млн дана кірпішті құрады – бұл зауыт қуаттылығының 92%. Бұл да жақсы көрсеткіш», – деді «ENKI»ЖШС директоры Мырзабай Әбдіхалықов.

Оның айтуынша, зауыт келер жылы жаңғыртуды жоспарлап отыр, олар Греция құралдарымен жүзеге асырылады. Өндіріс кеңейтіледі, еуропалық стандарт бойынша жаңа кірпіш түрлерін өндіру желісі іске қослыды. Бүгінде біз кірпіштің 40 түрін өндіреміз, 50 түрін өндіруді көздеп отырмыз.

Желтоқсан айының соңында тапсырыс берілген құралдар зауытқа жеткізіледі, ал 2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа желілер іске қосылып, өндіріс көлемі 30-40%-ға ұлғаяды және жаңа жұмыс орындары ашылады.

Бұдан басқа, жақында ғана Застанционный ауылында ЖШС өндіру үшін карьер алды.

«Көкшетау қаласында қарапайым кірпіш өндіретін зауыттың құрылысын жоспарлап отырмыз. Бұл шешім үлкен сұраныспен байланысты. Бір немесе екі жылодың ішінде жаңа зауытты саламыз деген ойдамыз», - деп сендірді Мырзабай Әбдіқалықов.





Яндекс.Метрика