"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанның медициналық пойыздары 2017 жылы 75 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетті

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» кеңес беру диагностикалық пойыздарының дәрігерлік бригадалары 253 күнде шалғай теміржол станцияларындағы 75 мыңға жуық тұрғынды тексеруден өткізді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан 27 Желтоксан, 11:12

Пойыздың дәрігерлік бригадаларына 440 мың рет тұрғындар қаралса, олардың 255 мыңына диагностикалық тексеру жүргізілді. 850 рет шағын амбулаториялық оталар жасалды. Маммологтар 8 мың әйелді қарады. 19 мың тұрғын стоматологиялық қызмет көмегіне жүгінді. Медициналық пойыздардың жобасы шалғайдағы тұрғындарды тегін медициналық көмекпен қамтудан туындаған болатын.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаевтың айтуынша, жергілікті тұрғындар тегін медициналық тексеруден өткізіліп, алғашқы көмек алады. Кәсіби кеңестер беріліп, әрі қарай емделу үшін жақын маңдағы медициналық орталықтарға жолдамамен жіберіледі.

«Денсаулық» пойызының бастығы Дүйсен Балымбетовтің айтуынша, медициналық пойыз елдің оңтүстігінен бастап батыс өңірін түгел аралады. Біздің пойыздар заманауи емдеу сауықтыру құрылғыларымен қамтылды. Біздің пойыз бригадамыз дәрігерлердің өздеріне де барынша қолайлы жағдай жасады. Пойыз құрамы Интернет, душ кабинеті, қалалық телефон, теледидармен қамтамасыз етілді»,-дейді Д. Балымбетов.

Биылғы 12 сәуірден бастап медициналық пойыздар барлық облыстардың 252 теміржол станциялары мен жол айырықтарын қамтыды.

Кеңес беру және диагностикалық пойыздар жобасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі және жергілікті атқару органдарының қолдауымен 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Медициналық бригадалар бірінші және жоғары сыныпты білікті мамандардан жасақталды.





Яндекс.Метрика