Мәдениетті жаңғырту

Кинематография туралы заң бойынша комерциялық фильмдер 70 пайызға дейін субсидияланады

Елімізде кинематография туралы заң жобасы әзірленді. Заң жобасында кинематографияға мемлекеттік қолдау көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз маслихатында Заң департаментінің директоры Күміс Сейітова мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 09:13

Заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясының алтыншы шақырылымдағы ашылуында берген тапсырмасына сай әзірленген. Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы кинематография саласындағы бастамашы елдердің озық тәжірибелерін жан-жақтылы зерттеу арқылы дайындалған.

«Заңда кинотуындыларды үш топқа бөліп қарастырдық. Мұның алғашқысы комерциялық фильмдер, екінші шетелмен бірлесе түсірілген фильмдер, үшінші, әлеуметтік маңызы бар фильмдер. Осы үш сала бойынша да мемлекеттік көмек көзделген. Комерциялық фильмдердің 70 пайызға дейін көмек беру көзделсе, екінші топтағы, шетелмен бірлесе түсірілген фильмдерді 50 пайыз шамасында қолдау көзделген. Ал әлеуметтік маңызы бар филбмдер 100 пайыз мемлекеттік қаражатпен түсірілмек»,-деді заң департаментінің директоры Күміс Сейітова.

Есбол Социалхан 




Яндекс.Метрика