Басқару

Елбасы кедендік реттеу туралы кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы кедендік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 26 Желтоксан, 18:45

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Кодекс пен Заң  мәтіні баспасөзде жарияланады.





Яндекс.Метрика