Рухани жаңғыру

Демеушілер Шығыс Қазақстанда балабақша салды

Шығыс Қазақстанда кәсіпкер балабақша салғызды, ол «Туған жер» бағдарламасының қолдауына ие болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан 26 Желтоксан, 17:51

Глубокое  ауданындағы мектепке дейінгі білім беру мекемесі бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Айта кету керек, «Прогресс» кентіндегі бұл іс-шара ерекше, себебі ауылдық балалардың ұзақ уақыт бойы балабақшаға бару мүмкіндігі болмады.

Бұл қайырымды іс «Глубочанка» шаруа қожалығының басшысы, бизнесмен Алексей Делдің демеушілік етуінің арқасында мүмкін болды

Енді 2 жастан 5 жасқа дейінгі ауылдық балақайлар толыққанды дамуға мүмкіндік алды. Мұнда бәрі егжей-тегжейлі ойластырылған: ойыншықтар, сапалы оқу құралдары, ыңғайлы жиһаз және спорттық құрал-жабдықтар, серуендеуге арналған үлкен алаң, жақын арада ойын жабдықтарымен толтырылады.

Бүгінгі күні аралас тілдегі екі топ бар, болашақта тағыбасқа топтар ашылады. Ауылдың 10 тұрғыны жаңа ашылған мектепке дейінгі  мекемеде жұмыс істейді

Аудан әкімі Қалиқан Байқонысов ауыл тұрғындарын мекеменің ашылуымен құттықтады.

«Балабақшалардың құрылысы өңірді дамыту мен халықтың өмірін жақсарту үшін өте маңызды», - деді әкім.





Яндекс.Метрика