EXPO-2017

Маңғыстауда жел және күн электр станциясы салынады

Маңғыстауда жел және күн электр станциясы салынады. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков баяндама жасады.
Маңғыстау 26 Желтоксан, 10:46

Маңғыстау облысында 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде. Облыс бойынша 373 білім нысаны, 95 денсаулық сақтау мекемелері, 140 әлеуметтік нысан және 1571 тұрғын үй қорына жылу берілген.

Бүгінгі күні «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС №1 жылу электр стансасының энергетикалық блогын жөндеу мәселесі бойынша  ротор жеткізіліп, кәсіпорын  отындық мазуттың 100% немесе 26 151 тонна көлеміндегі апаттық қорын жинақтаған. 

«Аймақта коммуналдық қызметтерге қарыздарды өндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда қарыз 2,1 млрд.теңгеден 1,6 млрд.теңгеге төмендеген»,-деді Сапар Аманбеков.  

Сала басшысы жылыту маусымының сапалы өтуін қамтамасыз  ету мақсатында аудан және қала әкімдеріне келесі жұмыстарды жүргізу қажеттігін айтты.

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосында қуаттылығы 5 МВт жел электр стансасының және Мұнайлы ауданының Батыр селосында  қуаттылығы 7 МВт күн электр стансасының құрылысы басталған. Жоба 2018 жылдың 1 тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, Маңғыстау ауданының Шетпе селосында  қуаттылығы 12 МВт күн электр стансасының құрылысы басталған. Жылы пайдалануға беріледі деп көзделген.

 Аталған жобаларда Германия және Қытай Халық Республикасының жаңартылатын энергия көздері саласындағы соңғы жетістіктердегі технологиялары енгізілуде.

 Сонымен қатар, облысымызды сумен қамтамасыз ету мақсатында,  «Маңғыстау облысының Құрық селосында қуаттылығы 50 000 м3/тәулік су тұщыту зауытының құрылысы» және «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту жобалары жүзеге асырылатын болады.





Яндекс.Метрика