Энергетика

«Эни» және ҚМГ Исатай блогында жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша мәмілеге келді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Эни» компаниясы және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Каспий теңізінде орналасқан Исатай блогында көмірсутегін барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының 50 пайызын «Эниге» беру туралы келісімге қол қойды.
Астана қаласы 25 Желтоксан, 08:49

Алдын-ала бағалауға сәйкес көмірсутегінің айтарлықтай қоры бар лицензиялық аумақта операциялық қызметті «Эни» (50%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (50%) бірлесіп құрған «Исатай Оперейтинг Компани» компаниясы жүзеге асырады,  деп хабарлады ведомство.

Аталған мәмілені жасасу Каспий шельфіндегі күрделі техникалық және экологиялық жағдайда жұмыс жүргізуде үлкен тәжірибесі бар, геологиялық барлаудағы әлемдік көшбасшы «Эни» компаниясының озық технологияларын пайдаланатын жаңа операциялық компания қызметінің бастамасын білдіреді.

Бұл келісімнің нәтижесінде «Эни» компаниясының Қазақстан Республикасындағы қызмет саласы мен қатысуы кеңейеді, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның негізгі әріптесімен стратегиялық ынтымақтастық нығаяды.

Қазақстанда «Эни» компаниясы Қарашығанақ кен орнының бірлескен операторы (үлестік қатысуы - 29,25%), сондай-ақ Қашаған ірі кен орнын (үлестік қатысуы - 16,81%) қоса алғанда, Солтүстік Каспийдегі бірнеше жобаның қатысушысы болып табылады.

 





Яндекс.Метрика