Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Moody’s ЕАДБ облигацияларына инвестициялық рейтинг енгізді

Moody’s Investor Services халықаралық рейтинг агенттігі Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) A3 деңгейіндегі облигациялардың бірінші шығарылымына рейтинг енгізді.
Казахстан20 Желтоксан , 00:00

20 млрд теңге (KZP01Y05E384) көлеміндегі бірінші шығарылымдағы облигацияларды орналастыру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған. Облигациялардың сатылымынан түскен қаржы Қазақстан Республикасында банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін қолданылады. 

Еуразия даму банкі халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. Банктің негізін Қазақстан мен Ресей 2006 жылы қаңтарда қалады. ЕАДБ жарғылық капиталы 1,5 млрд АҚШ долларынан асады. Қатысушы мемлекеттер: Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан болып табылады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика