2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Қазақстанда жастарға қандай жағдай жасалған (ШОЛУ)

Эксклюзив
Бүкіл әлемде талантты жастарды іздестіру қашанда маңызды. Бүгінде елімізде қарапайым жастарға мақсатына жетуге көмектесіп жүрген жастар бірлестігі жетерлік. Басты мақсат – әрине, табысты қазақстандық жастар ұрпағын құру. Қазақстандағы жастар ұйымы, жастар саясаты мен жастарды жұмысқа орналастыру туралы «Strategy2050.kz»АА тілшісі даярлаған шолуды оқыңыздар.
Астана қаласы22 Желтоксан , 11:47

Сонымен, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің ХХ отырысында бірқатар шараларды жүзеге асыру барысы қаралды. Атап айтқанда жастарды жұмысқа орналастыру, оның ішінде ауыл жастарында және 2018 жылға арналған ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің жұмыс жоспары қаралды.

Гүлшара Әбдіхалықова атап өткендей, бүгінде дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрамында жастар саясаты департаменті, жастар саясаты мәселесі бойынша аймақтық басқармалар және жастардың ресурстық орталықтары құрылған.

«Бүгінде бізде не бар? Біріншіден  – бір жолға қойылған мемлекеттік саясат. Екіншіден – нормативті құқықтық база жетілдірілуде. 2013 жылдан бастап  2020 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасы жұмыс істеуде. 2016 жылдан бастап тұжырымдаманың екінші кезеңін жүзеге асыру басталды.  2015 жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.  

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде ведомствоаралық байланыстар нығайтылуда және нәтижесінде орталық және жергілікті басқарушы органдардың жастар саясатанына көңіл бөлуі артты.

Бұдан басқа, ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінде елдегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 4 пайызды құрады, деп хабарлады.

«Соңғы жылдары жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі  айтарлықтай төмендеген.2002 жылмен салыстырғанда  2017 жылы 13,1 пайыздан 4 пайызға дейін азайған», - деді министр.

Н.Ермекбаев айтып өткендей,  2017 жылы «Жасыл ел»  президенттік бағдарламасы аясында елімізде  жастардың  24 мыңнан астамын  жұмысқа орналастыруға  қолдау көрсетілді. 2016 жылы «Дипломмен ауылға»  жобасы бойынша  республикалық бюджеттен  тұрғын үй сатып  алуға немесе салу үшін 2725 жас маманға бюджеттік несие негізінде  8669,6 млн теңге бөлінген.

 

Н. Назарбаев жастар форумының бірінде хабарлағандай,  XXI ғасыр – біл тек жаһандық шақыртулармен қатар белсенді және талантты жастардың дәуірі.

«Қазақстанда әр төртінші азамат  – жас ұрпақьтың өкілі. Мені сіздердің шет тілдерге, білімге және жаңа инновациялық  ашуларға құлшыныстарыңыз қуантады. Бүгінде сіздердің қатарларыңызда білімі Отанының игілігі үшін жұмыс сітеп жатқандар өте көп», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика