Экология

Астаналықтарды полиэтиленді пакетінен бас тартуға шақыруда

Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» экологиялық науқаны өткізуде.
Астана қаласы 22 Желтоксан, 19:46

Экологиялық науқанның мақсаты халыққа тұтынудың экологиялық науқанын дағдыландыру, сондай-ақ халықтың экологиялық сана-сезімін құру болып табылады. Экологиялық науқан жекелеген саудалардың үлкен желілерінде 2017 жылдың 23 желтоқсанында өткізіледі. Экологиялық науқанның барысында келесі іс-шаралар өткізіледі:

– қаланың және қоғамдық көліктердің LED қалқандарында бейнероликтерді көрсетілім жасау, аудиороликтерді хабар тарту, республикалық телеарналарда арнайы репортаждарды дайындау, билбордтарда орналастыру арқылы полиэтиленді пакеттердің зиянды әсеру туралы халық арасында кеңейтілген насихатты өткізу;    

– үндеу парақтарын тарату мақсатында еріктілерді тарту;

– сауда желілердің кассаларында экопакеттерді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен 2018 жылы полиэтиленді пакеттерді  тегін жүзеге асыруға тыйым салу бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгертулер енгізіледі.

 





Яндекс.Метрика