Энергетика

Павлодар МХЗ-да сутегінің өндірісі бойынша қондырғы іске қосылды

Павлодар мұнайхимия зауытында сутегінің өндірісі қондырғысы (СӨҚ) іске қосылды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз»АҚ.
Павлодар 22 Желтоксан, 16:48

Естеріңізге сала кетейік, ПМХЗ-да 13 желтоқсанда СӨҚ-ны жөндеу жұмыстары аяқталып, 15 желтоқсаннан бастап іске қосуға дайындық басталды.

Сонымен, қондырғы 20 мың қ.м³/сағ жобалық қуаттылығына шығарылды. Дизелді отын тәулігіне 4400 тонна өндірілетін болады.

«22 желтоқсаннан бастап К4 санатындағы дизельді отын өндірісін іске қосу жоспарлануда», - деп сендірді компаниядан.

25 желтоқсанда изомеризация жүйесіне ауысқаннан кейін кәсіпорын Кедендік одақтың техникалық талаптарына сай К4 автомобиль отынын өндіруге барлық қажетті компоненттерге қол жеткізеді. Ал, 30 желтоқсанда зауыт К2 санатындағы отын өндірісін тоқтатуды көздер отыр.

Осы ретте, ПМХЗ-да мұнай бойынша жүктемені асырмастан дизельді отын өндірісі тәулігіне 4400 ден 5000 тоннаға дейін, жанармай тәулігіне 3600 ден 4600 тоннаға дейін артады. 





Яндекс.Метрика