Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

2014 жылдың соңында «Astana Solar» 37 МВт күн панелін өндіруді жоспарлауда

2014 жылы «Astana Solar» ЖШС 37 МВт күн панелін шығаруды жоспарлауда, ол 162 800 модульге тең. Бұл туралы «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энергияны жұмсау» атты семинарда кәсіпкерліктің өндіру бойынша директор орынбасары Жарқын Жанғазиев хабарлады.
Нұр-Сұлтан 16 Қаңтар, 12:47

«Бұл Қазақстанда 50 МВт қуаттылыққа шығып отырған тұңғыш зауыт. Сондай-ақ, оның 1 Вт $2 АҚШ долларынан аспайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін біз  37 МВт құрайтын күн панелін өндіруді жоспарлап отырмыз. Біз француздық әріптестермен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Ж. Жанғазиев.

Айта кетерлігі, күн энергиясына арналған фотоэлектр өндіретін модульдерді өндіру 2012 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын.

2013 жылы «Astana Solar» ЖШС 35 000 панелді өндірді, ол 8 Мвт энергиясына тең. Оның 62 пайызы қазақстандық компаниялармен шарттастырылды.

Бүгін семинар-тренингтің аясында Қоршаған орта мен су ресурстары министрі Н. Қаппаров пен қатысушылар  зауыттың тыныс тіршілігімен танысты.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика