Энергетика

Астананың жеке секторы 2019 жылы газбен жабдықталады

Елордада табиғи газды пайдалана отырып, бірнеше жобаны іске асыру басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы 21 Желтоксан, 18:13

Астананы регазификациялау бойынша алты станция орнатылады, деп хабарлады энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев Елорданың ауа бассейнінің ластануына арналған брифинг барысында. 2018 жылы «Global Gaz Group» ЖШС екінші «Тельман» сұйытылған табиғи газ станциясын салады.

«Біз инвестор «Global Gaz Group» компаниясына «Оңтүстік-Шығыс» мөлтек ауданын газдандыру бойынша талап қойдық. Олар алдымен Железнодорожный кентінде «Индустриальная» газдандыру станциясын салуы тиіс. Сол жерден тұрба астананың «Оңтүстік-Шығыс» мөлтек ауданына тартылады. Қазіргі күні станция құрлысына жер телімі бөлінген. «Оңтүстік-Шығыс» мөлтек ауданы 2019 жылы газдандырылады»,- деп атап өтті Б. Жапаев.

Компания газды таратушы станциядан мөлтекауданға дейін жеткізеді, ал әр тұтынушы үйін өз қаржысына қосуы тиіс.  Оның айтуынша, тұтынушы үшін газ бағасының метр кубы 110 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тарифті субсидиялау туралы мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қарауында жатыр. Егер оң қорытынды шығарылса газдың бағасының  метр кубы 35 теңгеге төмендейді.

 





Яндекс.Метрика