Рухани жаңғыру

«Нұрсұлтан Назарбаев – болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кітабы жарыққа шықты

Астанада мақалалар, сұхбаттар мен сарапшылардың пікірлері және анықтама-сараптамалық материалдар топтастырылған «Нұрсұлтан Назарбаев – болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап жарық көрді. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кітаптың тұсаукесерінде Сарапшы, саясаттанушы Саясат Нұрбек аталған кітап туралы пікірін білдірді.
Астана қаласы21 Желтоксан , 14:32

Саясат Нұрбек өткен ғасырдағы әлем елдерінің мадернизациялау тәжірибелері туралы айта келіп, елімізде болған 1920-1936 жылдардағы ұлттық сананың өзгеріске ұшырауы, тарихи құндылықтардан алыстауы турасындағы сараптамалық ойларын айта келіп, тарихи, рухани құндылықтың мәніне тоқталды.

«Фундаментальді күшті құндылық – бұл тек мемлекет тұрақтылығының ғана негізі емес, халықтың қоғамдық сенімділігі мен әлеуметтік көңіл-күйінің де негізі. Мәнді, құндылықты жоғалту қоғамдағы әлеуметтік деградацияны күшейтіп, заманауи ортаны бүлдіреді. Бұл суицидтің өсуіне, жаппай депрессияға, алкаголизм мен нашақорлыққа алып келеді. Фундаментальді құндылықтарды білу, түсіну және бақылау – бүгінгі күнде «жұмсақ күш» деп аталатын қоғамдық басқарудың негізі болып есептеледі. Қазіргі заманғы дүниеге келіп жатқан соғыстар, режимнің өзгеруі, жаһандық деңгейдегі мемлекетаралық қақтығыстардың барлығы да осы «жұмсақ күші» деңгейде жүріледі»,- дейді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, Жобаның негізгі мәқсаттарының бірі – құндылықтардың өзгеруі әлеуметтік-экономикалық өмірге қандай әсер етеді және мәдени құндылықтардың экономиканың дамуына және елдің жаңаруына қандай әсер ететіндігі туралы сұраққа жауап іздеу.

 

Есбол Нұрахмет

 




Яндекс.Метрика