Экология

Қорғалжын ауданында құстарды зерттеу бір жолға қойылады

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында құстарды зерттеу бойынша орталық немесе Орнитологиялық орталық ашылды.
Ақмола 21 Желтоксан, 20:11

«Орнитологиялық орталық ауданда орнитологияны дамытуды көздейді. Белгілі болғандай, еліміздегі барша құс түрлерінің 76% Қорғалжын табиғи қорығының аумағын мекендейді. Орталық өскелең ұрпақтық туған жеріне махаббатын күшейтуге, олардың жануарлар әлемі туралы білімін нығайтуға, көзқарасын кеңейту мақсатында құрылған», - деп хабарлады Аймақтық коммуникация қызметі.

Айта кетер болсақ, «Түспеков»ЖК ғимаратты қайта қалпына келтіруге 53,5 миллион теңге инвестицияланды. Аталмыш жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қорғалжын аудандық әкімдігімен, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығымен және Қазақстанның ұлттық дельфий комитетімен, сонымен қатар ҚР БҒМ жанындағы Зоология ҒЗИ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. 

Қазақстанның ұлттық дельфий комитетінің мамандары орталықтың жұмысында пайдалануға болатын бірқатар тәжірибелік және әдістемелік құжаттарды жасақтады. Олар балалармен жұмыс істеу барысында пайдаланылатын болады деп көзделуде.

АКҚ-дан хабарлағандай, ғылыми жоба аясында орнитология принціптерін пайдалана отырып зияткерлік іздестіру квестерін өткізу жоспарлануда. Орталықтың міндеті Қорғалжын табиғи қорығының мәдени құндылықтарын насихаттау. 





Яндекс.Метрика