Рухани жаңғыру

Атбасарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілендіру жөніндегі ақпараттық орталық ашылды

Орталыққа кез келген азамат келіп бағдарламаның бағыттарымен таныса алады.
Ақмола 21 Желтоксан, 15:18

Ақмола облысының Атбасар қаласында аудандық «Рухани жаңғыру»  базалық  орталығының  таныстырылымы өтті. Шараға  аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысты, деп хабарлады ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникация қызметі.

Базалық орталықтың ашылу мақсаты – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілерін ілгерілендіру.

Орталық үйлестіру кеңесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім», «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның  100 жаңа есімі» бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған.





Яндекс.Метрика