Рухани жаңғыру

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балабақша салынады

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балабақша салынады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы» тақырыбында өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Естенов Жасұлан мәлімдеді.
Алматы қаласы 21 Желтоксан, 10:12

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, баршамызға белгілі Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында алдымызда қойылған міндеттердің бірі – мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыландыру арқылы бизнес өкілдерін және аудан азаматтарын туған жеріне игі істер жасауға, белсенділік танытуға тарту.

«Осы орайда бірқатар бизнес өкілдерінің атсалысуының арқасында балаларға арналған 8 ойын және спорт алаңдары ашылды. Соның ішінде, Абай даңғылы 141 мекен-жайын да демеушілердің қолдауымен хоккеймен айналысуға арналған мұз айдыны қайтадан жөндеуден өткізіліп, ашылды. Бұдан басқа, мүгедектер мен қарт азаматтар және балаларға арналған әлеуметтік шаралар өткізілді. Ал аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен демеушілердің қолдауы арқасында Астана қаласында өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесін үздік оқитын 60 дарынды бала тамашалап қайтты», -деп хабарлады қала әкімдігі.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде «Спутник» спорт кешенінде қайта жөндеу және «Тастақ» шағын ауданында 400 балаға арналған балабақша салу жұмыстары басталды.    

Одан бөлек, «Туған өлке тарихы», «Жас дарын» атты байқаулар өтіп, «Сөз дауа» кітабы жарық көрді. Аудан өкілдері қалалық, республикалық тілдерді дамыту, мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған байқауларда жүлделі орындарды иеленді.

« Бұл жолда аудан жастарының үлесі зор екенін атап айтуға болады. Жалпы бағдарлама аясында аудан көлемінде 200-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда, - Ж.Естенов.





Яндекс.Метрика