ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Мажарстан қазақстандық студенттерге 200 білім грантын бөлді

Биылғы оқу жылынан бастап венгерлік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер үшін 200 білім гранттарын бөлінеді. Студенттерге тегін медициналық сақтандыру мен жатақханада тұру мүмкіндігі қоса ұсынылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан20 Желтоксан , 18:48

«Биыл ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаның қатысуымен Қазақстан Республикасы және Мажарстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жыл толуын мерекелеу аясында білім саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа Келісімге қол қойылды. Келісім бойынша биылғы оқу жылынан бастап венгерлік жоғары оқу орындары қазақстандық студенттер үшін тегін медициналық сақтандыру мен жатақханада тұру мүмкіндігімен қоса, 200 білім гранттарын бөледі»,-дейді ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Бөлінген гранттар бойынша ауылшаруашылығы, табиғи ресурстар, көркемөнер, машина жасау, гуманитарлық ғылымдар, педагогика, IT технологиялар, математика, құқық, мәдениет, туризм, музыка, славестика қатарлы мамандықтар қамтылады.

Айта кетейік, шараға  Қазақстан Республикасындағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани қатысты.

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика