Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні- ең қастерлі күн – студент

Тәуелсіздік күні- ең қастерлі күн. Бұл туралы Еуразия гуманитарлық институтының 4-курс студенті Ләйлә Нұрбаева «Стратегия» пікірталас клубы барысында мәлімдеді.
Астана қаласы15 Желтоксан , 17:41

«Біз Тәуелсіздіктен кейінгі ұрпақпыз, Тәуелсіздік  десе  әрқайсымыздың жүрегіміз   елжірейді. Тәуелсіздік күні- ең қастерлі күн. Осыдан   26 жыл  бұрын қазақ халқы Тәуелсіздік жариялап тарих бетін жаңа парақтан бастады. Біз бұл күнге бір күнге жеткен жоқпыз. Бұл күрделі тарихи кезеңдерден құралған  жетістік», - деді  Л.Нұрбаева.

Сондай-ақ, ол Тәуелсіздік күні қарсаңында  оқу орындарында  шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтты. 

«Біздің университетімізде  «Туған жерге тағзым» деген әдеби кеш ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мерекелік шаралар да өтті», - деді ол.

Сондай-ақ, студент латын қарпіне көшу туралы өзінің ойын айтты.

«Латын әліпбиіне көшкеніміз дұрыс болады. Түрік халықтарының түгелі латын қарпін қолданып отыр,  бұл бізге  бір-бірімізбен байланыс жасауға  да ыңғайлы. Жасөсіпірімдерге  де ешбір қиындық  туындамайды деп ойлаймын. Себебі олар жан-жақты, бейімделе алады. Ал,  балаларға ойын арқылы жеткізу. Тәжірибе арқылы меңгерту дұрыс деп ойлаймын. Қазір біз өз арамызда латын қарпінде хат алмасамыз. Сондықтан бізге де еш қиындық тудырмайды», - деді ол.

 

 

 




Яндекс.Метрика