Экология

Алматыда жасыл аймақты дамыту үшін 2018 жылы 6,3 есе көп қаржы жұмсалады

Алматыда жасыл аймақты дамыту үшін 2018 жылы 6,3 есе көп қаржы жұмсалады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 15 Желтоксан, 15:47

«Қаланың тарихи орталығын қайта жасау жұмыстары одан әрі жалғасады, Төле би көшесі - Достық даңғылы- Абай даңғылы- Есентай өзенінің жағалауы енген 178 га жер жаңарады. Келер жылы 17 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады, халықаралық стандарт бойынша жасалып жатқан Республика алаңын реконструкциялау аяқталады. Қаладағы саябақтарды, скверлерді және жасыл аймақты дамыту үшін 2018 жылдың бюджетінен өткен жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп қаржы жұмсалады», - деп хабарлады әкімдік.

Алматыда 2018 жылы 500 ауланы жөндеу қарастырылған. Осылайша, абаттандырылған аулалар саны 33%-ға жетеді. Айта кетерлігі, Алматыда соңғы екі жыл ішінде 732 аула алаңдары жөнделді, қайта жасалды, яғни әрбір бесінші аула.

Арық жүйелерін жөндеуге 3,3 есе көп қаржы бөлінеді.Егер биыл 28 км арық жүйесі жөнделсе, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 3 есе көп, Табиғи ресурстар басқармасының ақпараты бойынша келер жылы тағы да 74 км арық жүйесін жөндеу жоспарланған. Жалпы, арықтар мен жауын канализациясын жөндеу жұмыстары кешенді жүргізіліп, арық жүйесін дамытудың 10 жылдық жоспары жасалады.





Яндекс.Метрика