ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Қазақстан дін саласында Франциямен тәжірибе алмасады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен кездесті, деп хабарлады ведомстводан.
Нұр-Сұлтан 15 Желтоксан, 08:46

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның Франциямен арадағы байланыстарға үлкен мән беретінін және түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атады.

Сондай-ақ, министр Франциядағы діни ахуал туралы білуге ынталы екенін білдірді.

Франция Елшісі Филипп Мартинэ өз кезегінде конфессияаралық келісімді сақтаудың қазақстандық үлгісін зерттеуге қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, дипломат Қазақстанда Орталық Азия елдерінің қатысуымен дін мәселелері бойынша Халықаралық форум өткізуді ұсынды.

Нұрлан Ермекбаев және Филипп Мартинэ Қазақстан мен Франция мүдделі мемлекеттік органдарының тәжірибе алмасу және діни тұрғыдағы экстремизм көріністеріне қарсы тұру, дерадикализация және дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдерін оңалтуда ықпалдастықтың тиімді механизмін әзірлеу қажеттігін атады.

Кездесу қорытындысында тараптар діни саладағы ықпалдастық пен тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.





Яндекс.Метрика