ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Бас муфтидің еңбегі еленетініне сенім мол – Е.Исақов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі болып елге белгілі азамат Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сайланды, деді ОҚО Сарыағаш аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ергеш Исақов.
Нұр-Сұлтан14 Желтоксан , 18:29

«Серікбай қажыны ең алғаш Сарыағаш ауданында бас имам кезінен білемін. Сол кездің өзінде оның талапшылдығын, істің көзін таба білетін азамат екенін талай рет байқадық. Болашағы бар азамат екен деп ой түйетінбіз. Иә, түйсігіміз алдамапты. Талай жерлерде тұрлаулы қызмет атқарған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы  бүгінде міне, еліміздің Дінбасысы болып отыр», - деді Е.Исақов.

Ол айтып өткендей,  қазақстандық қоғамның дамуы жолында аянбай еңбек еткен Серікбай қажыға бұдан бірнеше жыл бұрын Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Шынында да ол бұл атаққа әбден лайық.

«Барша Қазақстан халқын жаңа Дінбасысымен құттықтай отырып, Бас муфтидің еліміздің руханияты саласындағы еңбегінің елене беретіндігіне сенім мол», - деді ол.  

 




Яндекс.Метрика