ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Жаратылыстық пән мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату мемлекеттік бағдарламалар негізінде өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылдағы мемлекеттік тапсырмасы аясында жалпы білімдік мектептердің «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату курстарынан өтуде. Бұл жұмыс «Назарбаев Университеті» Автономды білім беру ұйымының базасында жүргізілуде. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті.
Нұр-Сұлтан12 Желтоксан , 18:25

Баспасөз конференциясына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова жасалып жатқан жұмыстардың бірнеше мемлекеттік бағдарламар аясында жүзеге асып жатқанын айтты.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі «Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілі бойынша біліктіліктерін жоғарылату курстарын «100 нақты қадам: заманауи мемлекет барлығы үшін» Ұлт жоспарының 79 қадамы, Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және  Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы қатарлы бағдарламаларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырады»,-деді Шолпан Каринова.

Сондай-ақ, «Химия», «Физика», «Информатика», «Биология»  жаратылыстану циклі 4 пәнінің екеуін жоғары сыныпта ағылшын тілінде оқыту 2019 жылға жоспарланған.

 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика