Астана күні

Шығыс Қазақстан тұрғындары Астананың мерейтойына арнап «Домбыра party» өткізді

Өскеменде Астана жылының басталуына орай жас музыканттар «Домбыра party» өткізді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Нұр-Сұлтан 11 Желтоксан, 10:12

1997 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан Рреспубликасы Президентінің жарлығына сәйкес Астана еліміздің елордасы болып жарияланды.  2018 жылда жыл бойы қазақстандықтар елордасының жиырма жылдығын атап өтетін болады. Ал, Шығыс Қазақстан өңірінде мерекелік шаралар бүгіннен басталды.

«Шебер ұсталар мен саудагерлердің қаласы атанған көне шаһар егеменді Қазақстанның орталығына айналды. Бүгінде Астана – бұл көшбасшылар қаласы, ол еліміздің инновациясының дамуына бағыт береді, адамдарды бірегей сәулетімен таңғалдырады. 2018 жылы Астананың елорда мәртебесін алғанына жиырма жыл толады. Қазақстанның тұрғындары айтулы күнде дайындықтарын бастап кетті», - деп атап өтті әкімдіктен.

Өскеменде Астана жылының басталуына орай жас музыканттар  «Домбыра party» өткізді.  Қатысушылар белгілі күйшілер мен танымал орныдаушылардың әндерін орындады. Сонымен қатар, аталмыш акция аясында «Жайдарманның» облыстық лигасы 5 команданың қатысуымен өтті.

Шығыс өңірінің Аягөз ауданы мен Риддер қаласының жастары жергілікті халықты айтулы күнмен құттықтап, гүлдер мен құттықтау қағаздарын таратты. Бородулихинск ауданында спортшылар мен «Айналайын» тобының қатысуымен «Біздің елордамыз Астанаға – 20 жыл» флешмобы өткізілді.

Облыста 350-ден астам шара өткізу жоспарланған. 





Яндекс.Метрика