Экология

Астанада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі талқыланды (ФОТО)

Астанада Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығының алғашқы отырысы өтті. Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешу үшін қоғамды біріктіру». Шараға ҚР Парламент депутаттары, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Астана қаласы 08 Желтоксан, 15:43

Дөңгелек үстел аясында экология мәселесімен айналысатын үкіметтік емес  ұйым өкілдері баяндама жасады. Диалог алаңында қоршаған ортаны қорғауға қатысты ең өзекті проблемалар мен Қазақстандағы экологиялық бастамаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мәселесі айтылды.

 «Қауымдастық құрамына енген білікті мамандардың күш біріктіруі нәтижесінде экологиялық заңнаманы одан әрі жетілдіруге болатындығын тілге тиек етті. Қауымдастық қызметінің маңызды бағаттарының бірі өскелең ұрпақпен жұмыс жүргізу және халықаралық әріптестікті дамыту керек», - деді  Президиум Төрайымы Әлия Назарбаева.

Қазақстан Респбуликасының вице-министрі Ғани Сәдібеков өз баяндамасында Қауымдастықтың құрылуы заман талабы және бұл бастамашыл ұйыммен энергетика Министрлігі тығыз әріптестік байланыс орнатуға дайын екендігін мәлімдеді.

Астанадағы ЕҚЫҰ бас кеңсесі басшысының орынбасары Диана Диголь Қауымдастықтың келешекте әріптестік жасайтын бағыт-бағдарларын белгіледі. Оның айтуынша ЕҚЫҰ бағдарламасының кеңсесі 2018 жылы Астанада «жасыл экономиканы» дамытуға арналған ұлттық стратегияны жасауға қатысады.

 Осы ретте кеңсе тарапынан су ресурстарын ұлттық деңгейде интеграциялық басқарылу қағидасын енгізуге, трансшекаралық суларды реттеудегі әріптестікті арттыруға, сондай-ақ су сапасына қатысты мәселелердің оңтайлы шешілуіне қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Дөңгелек үстел барасында Қауымдастық құрамына мүшелікке өткендерге арнайы сертификат табысталды. Бүгінгі таңда еліміздегі экология саласындағы тәжірибелі деген жетекші  30 ұйым қауымдастық құрамына  кірді. Айта кету керек, Қауымдастық құрамына мүшелікке кіруге ниет білдіргендер қауымдастық сайтына онлайн режимінде тапсырыс қалдырып тіркеле алады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мен Қауымдастық мүшелері, алда тұрған маңызды экологиялық проблемаларды анықтап қана қоймай, оның шешу жолдарын айқындайтын болып келісті.





Яндекс.Метрика