Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстан мен Ресейдің ғарыш ведомстволары «Байқоңырды» ортақ пайдалану туралы келісімді ретке келтіреді

2013 жыл бойы Қазақстан мен Ресейдің ғарыш ведомстволары «Байқоңырды» ортақ пайдалану туралы келісімді әзірлеумен айналысады, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі алқасының кеңейтілген отырысында.
Казахстан13 Ақпан , 00:00


«Қазақстан мен Ресейдің ғарыш ведомстволарына ғарыш айлағын ортақ пайдалану туралы келісімді әзірлеу, оның ғылыми-техникалық потенциалын дамыту, кадрлар дайындау мен жұмысқа Қазақстан мамандарын қатыстыру мәселесін талқылау тапсырылды. Бұл жұмыс осы жыл бойы жүргізіледі және 2013 жылдың соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береміз», - деді Қ.Келімбетов.
Сонымен қатар, ол Ресей тарапынан «Протон» жүйесіндегі зымырандарды пайдалану мен ұшыруды жоспарлы түрде қысқарту мәселесі қарастырылатынын атап өтті.
Вице-премьердің ведомствоға берген тапсырмаларында ведомствоға қарасты ұйымдарды, сонымен қатар Жеделдетілген индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және ғарыш қызметін дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды күшейту керектігі айтылған.

Оған қоса, агенттікке «Бәйтеректі» «Ангара» зымыран тасымалдағышына ауыстыру механизмін Ресей тарапымен талқылауды аяқтау тапсырылды.
 




Яндекс.Метрика