Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлермен жұмыс істегенде жауапкершілікті сезінулері керек – ҰКП

Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлермен жұмыс істегенде жауапкершілікті сезінулері керек. Бұл туралы ҰКП Президумының Төрағасы Тимур Құлыбаев Жоғарғы сотта өткен форум барысында айтты.
Астана қаласы 07 Желтоксан, 17:09

«Заңнамада жауапкершіліктің түрлері көрсетілген, олар:  тәртіптік, қылмыстық, әкімшілік. Алайда, біз қолдау құқығын қарастырдық. Жалпы, көптеген шенеуніктер сендірумен құтылып, істің  салдарын сезбейді. Бұл бизнеске кері әсер етуі мүмкін. Бұл кәсіпкерліктің жабылуына да әкелуі мүмкін. Қылмыстық іс қозғалған кәсіпкерліктердің үштен бір бөлігі жабылып қалады», - деді Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, бұл үлкен қателік, себебі кәсіпкерлер жұмыс орындарын ашады.

«Бізде сот дауына түскен кәсіпкерліктердің  кейін жабылып қалғандығы  бойынша  тәжірибе бар. Бұл ауылдық жердегі кәсіпті қамтиды. Сондықтан да, бұл орайда мемлекеттік шенеуніктердің өз  қызметін атқарудағы  жауапкершілігін арттыру өте маңызды», - деді Т.Құлыбаев.

Айта кетейік,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы сот жүйесінің  тиімді әрі сот тәжірибесінің бірлескен сараптамасын жүргізе алуы бойынша жұмыс істейтіндігін айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика