Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Т.Құлыбаев: Біз Жоғарғы соттың серіктесі болуға дайынбыз

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы сот жүйесінің тиімді әрі сот тәжірибесінің бірлескен сараптамасын жүргізе алуы бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы ҰКП Президумының Төрағасы Тимур Құлыбаев Жоғарғы сотта өткен форум барысында айтты.
Астана қаласы 07 Желтоксан, 16:41

Тимур Құлыбаев айтып өткендей, кәсіпкерлердің құқығы  мен заңды қызығушылықтарын  қорғау «Атамекен» ҰКП қызметінің басымдылығы болып саналады.

«Алғашқы күннен бастап біз республиканың құқық қорғау жүйесімен  жақсы диалог орнаттық. Біз Бас прокуратурамен тиімді жұмыс орнаттық. Әр өңірде кәсіпкерлер құқығын қорғау  кеңесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, орталық аппаратқа үндеу жіберілді. Біз әрбір үндеуді жеке қараймыз. Біздің құзыретіміздегі мәселелерді, олар 45 пайыздан асады, мемлекеттік органдармен диалог орнату арқылы бірден шешеміз», - деді ол.

Жалпы, Т.Құлыбаев айтып өткендей, республикалық және өңірлік деңгейдегі   мемлекеттік органдармен диалог орнатылған.

«Бүгін негізгі заң жобаларын талқылау жүруде, оның ішінде, Жаңа салық кодексі, Кедендік кодекс, Экологиялық кодекс, табиғи қазбаларды қолдану. Бұл жерде рөлді сот жүйесі атқарады. Сот жүйесі – жеке меншікті қорғауға бағытталған орган. Мемлекеттік орган мен жеке кәсіпкерлер арасындағы даудың өзінде біздің  заңмен қорғалатынымыз айқын. Бұл орайда Жоғарғы соттың қызметі зор мәнге ие. Сот реформасы мен сот жүйесі жаңғырудың негізін қалаушылардың бірі», - деді ол.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика