Үкімет

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 62 спортшы қатысады

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 62 спортшы қатысады. Бұл туралы Үкіметтегі Пхёнчхан (Оңтүстік Корея) қаласындағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына дайындық бойынша өткен конференцияда Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді.
Астана қаласы 07 Желтоксан, 16:12

«Ағымдағы олимпиадалық циклде Олимпиада бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінде еліміздің құрама командаларының өнер көрсету динамикасы спортшыларымыздың бәсеке қабілеттілігінің артқанын көрсетеді және жоспарланған лицензияларды жеңіп алуға үміт артуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ол айтқандай,   бүгінгі таңда Қазақстанның Ұлттық құрама командасының 23 олимпиадалық лицензиясы бар: биатлон бойынша -10; мәнерлеп сырғанау бойынша – 3; шорт-трек бойынша – 10.

Айта кетейік, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді, оған әлемнің 80-нен астам елінен 5000-нан астам спортшы мен ресми тұлғалар қатысады деп күтілуде.   

15 спорт түрі бойынша 102 медальдар жиынтығы ойнатылады (биатлон - 11, бобслей - 3, скелетон - 2, керлинг - 3, конькимен жүгіру спорты - 14, мәнерлеп сырғанау - 5, шорт-трек - 8, тау шаңғысы спорты - 11, шаңғы қоссайысы - 3, шаңғы жарысы - 12 трамплиннен шаңғымен секіру - 4, фристайл - 10, сноуборд - 10, шана спорты - 4, шайбалы хоккей - 2).





Яндекс.Метрика