Үкімет

Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы БҰҰДБ мен Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі – Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Норимасо Шимомурамен және Қазақстандағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннеллимен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 07 Желтоксан, 15:26

Кездесу барысында елдің бағдарламалық құжаттары мен БҰҰ даму мақсаттарының үндестігін ескере отырып, Қазақстан халқы өмірінің жоғары сапасы мен деңгейін қамтамасыз ету міндеттерін іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттің тұрақты даму мақсаттарының көрсеткіштеріне қол жеткізу және әдістеме енгізу мәселелері.

2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ саммитінде БҰҰ мүше барлық мемлекеттер «Әлемді түрлендіру: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» (әрі қарай – ТДМ) жаһандық даму саласындағы күн тәртібін қабылдаған.

ТДМ 2030 жылға дейін орындалуы тиісті 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға қатысты 169 міндет пен 230 индикатордан тұрады. ТДМ экономикалық, әлеуметтік және экологиялық – үш құрауышты біріктіру арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге ықпал етеді. ТДМ — елдер мен үкіметаралық ұйымдарға даму стратегияларын әзірлеуге қажетті әдістемелік ұсыныстардың үлгісі мен бағдаршысы.

 

 





Яндекс.Метрика