АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Шаруаларға берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 970 млн теңгені құрады

Қазіргі таңда «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның ауылшаруашылығына арнап берілген кепілдіктерінің жалпы сомасы 970 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде қарыз кепілдігі – 8,7 млн. теңге, орта кепілдік сомасы - 5,3 млн. теңге болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.
Астана қаласы07 Желтоксан , 18:14

«2017 жылы «ҚазАгроКепіл» АҚ АӨК-тің дамуына зор үлес қосты. Қазақстандық шаруалар үшін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін және ауыл бизнесін тұрақты, қарқынды дамытатын жаңа ыңғайлы қолдау құралдары пайда болды»,-дейді «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасы  Қайрат Мақаев.

2016 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.

«ҚазАгроКепіл» АҚ бағдарламаның кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша, шағын несиелерді мен несиелерді кепілдендіру бөлігі бойынша жұмыс жасайды. Бағдарлама шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесін ашуға, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті кеңейтуге бағытталған.

«Көптеген шаруалар несие алу кезінде кепіл қою жетіспеушілігі мәселелеріне тап болатыны белгілі. Нарықта ауыл мүлкінің төлем өтімділігі төмен болуы шаруаларға қажетті қаражатты алуға мүмкіндік бермейді. Мемлекет, шаруалардың мәселелерін түсіне отырып, оларға қол ұшын созды және дәл бүгін оларда бюджет қаражаты есебінен кепілдік алу мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда, кепілдендіру құралдарын 183 шаруа пайдаланды. Ерекше атап өтетін бір жайт кепілдік алғандардың 44%-ы кәсібін жаңадан бастаушылар. Ал кепілдік алуға өтініш берген жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үлесі - 32%, яғни 58 шаруа»-деді брифинге қатысқан «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қазбек Иманқұлов.

 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика