Мәдениетті жаңғырту

Астанада «Таңғажайып Қытай» көрмесі ашылды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй мырза және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты, деп хабарлады Музейдің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 07 Желтоксан, 14:31

 «Қытайдың даму жетістіктеріне арналған осы көрмеден қытай халқының негізгі мақсатын, уақыт өткен сайын ілгері жылжып, қол жеткізген ірі жетістіктерін көруге болады. Қытайдың Жалпы ішкі өнімінің ортақ өсімі 7,2 пайызға жетті, күллі әлемнің экономикалық өсіміне қосқан үлесі 30 пайыздан асады. Жылдам жүретін поездар, ұшақ тасығыш, ғарыш кемесі секілді өзге әлемді таңдандырған дүниелерді осы көрмеден тамашалауға болады», - деді  Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй.

Аталған көрме екі ел арасындағы саяси, экономикалық байланыспен қатар мәдени қарым-қатынастың да бар екенін көрсетпек.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейі бірлесе ұйымдастырып отырған фотокөрмеде Қытай Коммунистік партиясы мен оның көшбасшысы Си Цзиньпиннің басшылығымен соңғы бес жылдағы Қытайдың тарихи жетістіктері толық көрсетілген.

 





Яндекс.Метрика