АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Елдегі гидротехникалық құрылыстарды зерттеу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шегінде 2021 жылға дейін республикалық меншікке жататын 182 гидротехникалық құрылыстарға көпфакторлы зерттеп-өткізу үшін 1,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл туралы Мәжілісте АШМ вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
Астана қаласы07 Желтоксан , 11:43

Қазіргі таңда республикада қолданыста 1665 гидротехникалық құрылыстар бар, олардың көбінің пайдалану мерзімі 25 жылдан асады (97 %).

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар, жай-күйіне, беріктігіне, орнылықтылығына және пайдалану сенімділігіне қарамастан көпфакторлы зерттеп-қарауға жатады. Бірақ, осы іс-шараларды жүргізуге арналған Бірыңғай әдістеме жоқ. Алдын алу шараларын, соның ішінде, бірінші кезекте гидротехникалық құрылыстар көпфакторлы зерттеп-қарау өткізбеу, апаттық нәтижеге әкеліп соқтырады, мысалы -  Көкпекті су қоймасы бөгетінің бұзылуы (2014 жылғы 31 - наурыз).Көкпекті кентінің 100-ден аса үйлерін су басты. Бөгеттің бұзылуынан келген шығын 1,4 млрд. теңгеге бағаланды», - деді вице-министр.   

Өз кезегінде, гидротехникалық құрылыстады уақтылы зерттеп-қарау, оның техникалық жай-күйін бағалау арқылы және уақтылы  іс-шаралар қабылдау арқылы мемлекеттің бұл шығынды өтеуін көпфакторлы зерттеп-қарау жүргізуге кететін шығынның көлеміне дейін азайтуға болар еді.

«Осыған орай, су шаруашылығы жүйелеріне  зерттеп-қарау өткізуге қойылатын бірыңғай талаптар қарастырылған. Су шаруашылығы жүйелері мен  ғимараттарына көпфакторлы зерттеп-қарау өткізудің қағидасын әзірлеу мен бекіту  Заңжобасымен қарастырылған», - деді Қ.Айтуғанов.

Ұсынылып отырған өзгерістер мен іс-шаралар су шаруашылығы инфроқұрылымының қазіргі техникалық жай-күйін бағалауға, олардың қалдық ресурсын анықтауға мүмкіндік береді.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шегінде 2021 жылға дейін республикалық меншікке жататын 182 гидротехникалық құрылыстарға көпфакторлы зерттеп-өткізу үшін 1,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді», - деді вице-министр.

Айта кетейік,  Парламент Мәжілісінде   «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»   ҚР Заңының жобасы таныстырылды.

 

Ақбота Күзекбай

 

 

 

 




Яндекс.Метрика