Рухани жаңғыру

Қазақстандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан адами капиталды арттыру мүмкіндігін көреді – Д.Мыңбай

Халықтың басым бөлігі «Рухани жаңғырудан» ұлттың адами капиталын сапалы түрде арттыру мүмкіндігін көреді. Бұл туралы Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы барысында ҚХА төрағасының орынбасары –ҚР Президенті ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай мәлімдеді.
Астана қаласы 07 Желтоксан, 11:09

Д.Мыңбай айтып өткендей,  Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі халықтың  негізгі бөлімі  «Рухани жаңғырудан» ұлттың  адами капиталын сапалы түрде арттыру мүмкіндігін көретіндігін байқатты.

«Халықтың  27 пайызы  рухани жаңғыруды жаңа дәуір талабына сәйкес, ойлау өрісінің өзгеруі деп қабылдайды. Тағы  27 пайызы адамдардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру факторы ретінде қарастырады, оның ішінде жастар басым болып отыр. Ал,  18 пайызы халықтың білім деңгейінің сапасы жақсарады деп қарастырады. 15 пайызы рухани жаңғыру Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы білімді кеңейтеді деп түсінеді», - деді Д.Мыңбай.

Ол айтып өткендей, рухани жаңғыру – жалпыны қамту міндеті, қоғамның көзқарасы мен менталитетін өзгертуге бағытталған жүйе. Оны жүзеге асыру әрбір азаматтың рухани жаңғыруына әкелуге мүмкіндік береді.

«Үшінші жаңғыру, конституциялық реформа, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру қоғамдық келісім кеңестерін дамыту институттарын дамыту  бойынша бірқатар әлеуеттік шараларды қажет етеді. Қоғамдық келісім кеңестері  Ассамблеяның  ауылдық округтер  мен жеке кәсіпкерлермен  жұмысындағы негізгі өзек болып табылады. Бұл жауапкершіліктің жоғарғы деңгейі, сондықтан да Тәуелсіздік күні қарсаңында барша қоғадық келісім кеңестерінің мүшелерін  алдағы мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, отбасыларына береке, табыс тілеймін», - деді Д.Мыңбай.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық    форумы  өтіп жатыр.

 

Қайрат Жандыбаев

 





Яндекс.Метрика