ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Қарағандыдағы жаңа зауыт жылына 50 мыңға дейін көлікті өңдеуге мүмкіндік береді

Қарағандыдағы жоғары технологиялық құрал-жабдықтар жылына 50 мыңға жуық автокөліктерді жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 07 Желтоксан, 13:32

Түрлі-түсті металл қалдықтарынан, қара металлдан және оның ерітінділерінен алынған өнім аймағымыздың мыс қорыту зауыттарына жеткізілетін болады.

Алдын ала есептеулер бойынша енді зауыт жылына 22 740 тонна қара және түсті металлдар, 2 млн 100 текше метр газ синтезін, 16 000 тонна пиролизді отын және 3 300 тонна резеңке ұнтақтарын шығаратын болады.

«Бұл Қазақстандағы ескі көліктерді жоятын бірінші зауыт. Оны небары 9 айдық ішінде салдық. Жоғары технологиялық құрал-жабдықтар жылына 50 мыңға жуық автокөліктерді жоюға мүмкіндік береді. 30 мың тоннадан астам қара және түрлі-түсті металлдар алуға болады. барлық технологиялық процесс қоршаған ортаға зиян келтірмей жұмыс істейді. Президент мырза, біз аймағымыздың және еліміздің экономикасының дамуына қомақты үлес қосуға уәде береміз. Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз, - деді «Recycling Company» ЖШС қамқоршылық кеңесінің мүшесі Айдын Нұрахметов Нұрсұлтан Назарбаевқа.

Елбасының айтуынша, бүгінгі таңда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу маңызды мақсаттардың бірі болып табылады.

 





Яндекс.Метрика